Радиациялық қауіпті аймақ тұрғыны қай жастан зейнеткерлікке шыға алады?

Мен Шығыс Қазақстан облысының ең жоғары радиациялық қауіпті аймағында туып-өстім. Қазіргі уақытта да сол аймақта тұрамын. Бес бала­ның анасымын. Жалпы еңбек өтілім – 27 жыл. Радиациялық қауіпті аймақта тұрғандықтан және бес балалы ана ретінде 50 жастан зейнеткерлікке шы­ғуы­ма бола ма?
Сәлима БЕКБАТЫРОВА,
Шығыс Қазақстан облысы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшы маман­дарының мәліметіне қарағанда, «Қазақ­стан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Рес­пу­бликасының 1997 жылғы 20 маусым­дағы № 136-1 Заңына сәйкес, төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде он жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ­тардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңына сәйкес: еркектер жалпы жұмыс стажы 25 жыл­дан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер – жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайын­да­луына құқылы. Ал бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста