Қызметтік виза кімдерге беріледі?
Қазақстанға келушілер үшін қызметтік виза қандай жағдайда беріледі?
Диас Әйіпханов, Алматы
Қызметтік визалар: 1) дипломаттық агент мәртебесіне теңестірілмеген халықаралық ұйымдар паспорттарының иелеріне және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорт иелеріне; 2) ҚР-ға қызметтік істер бойынша жіберілген қызметтік паспорт иелеріне; 3) ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға; 4) Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер дипломаттық өкілдіктерінің әкімшілік -техникалық және қызмет көрсетуші персоналына, консулдық қызметшілерге, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына және олардың отбасы мүшелеріне; 5) дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық курьерлерге, егер дипломаттық паспорты жоқ және курьерлік парағы болған жағдайда; 6) ҚР-ға Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының, ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, ҚР орталық атқару органдарының шақыруымен келетін тұлғаларға; 7) ҚР қызметтік істер бойынша жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметшілеріне; 8) ҚР-да тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген тұлғаларға; 9) ҚР-да тіркелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.