Қызметтік пәтер қандай жағдайда жекешелендіріледі?
Денсаулығына байланысты жұмыстан босаған жұмысшы мемлекеттік мекеме ұсынған қызметтік пәтерін жекешелендіруге құқылы ма?
Сәния, Астана
Бұл сауалға Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттіктің берген жауабын ұсынамыз:
– «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» Заңның 109 бабындағы 2-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіндер 10 жылға жуық сол арада қызмет атқарса, сонымен қатар еңбек өтілінен тыс, егер төменгі жағдайларда еңбек қарым-қатынасы кілт тоқтатылса, қызметтік пәтерін жекешелендіруге құқы бар:
1) Ұйым тарап кетсе, жұмыстан қысқартылса;
2) Денсаулығына байланысты жұмысын жалғастыра алмаса;
3) Зейнетке шықса.
Демек, заңда көрсетілген талапқа сәйкес, бұл қызметкер мемлекеттік тұрғын-үй қорынан бөлінген пәтерін жекешелендіруге құқылы.