Қызметкер өз еркімен жұмыстан босаған жағдайда, жұмыс беруші еңбек кодексінің 57-бабына сүйеніп бұйрық шығару керек пе?
Шынар Артықова, Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Еңбек кодексінің 62-бабына сәйкес, жұмыс беруші жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда, еңбек шартының тоқтатылуын және үй қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Жұмыс берушінің актісінде осы кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиіс.
Еңбек шартын тоқтатудың негіздері кодекстің 51-бабында көзделгенін назарыңызға саламыз. Осы бапқа сәйкес оларға төмендегідей негіздер жатады:
1) тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркінен тыс мән-жайлар;
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы.
Осыған орай, қызметкердің жұмыстан өз еркімен кетуін рәсімдеу кезінде (бұйрықта, еңбек кітапшасында) негіз ретінде кодекстің 51-бабының 4-тармақшасы көрсетіледі.
Кодекстің 57-бабында еңбек шартын қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың тәртібі белгіленген.
Қызметкер өз еркімен жұмыстан босағанда қай бапқа сүйену керек?
Последние статьи автора