Қыздарға қажетті 5 кеңес

 Бүгінгі қыз – ертеңгі асыл жар, аяулы ана, ардақты келін. Қыз бала әкесіне жұлдыз, шешесіне күн дейді. Қыз – ұлттың ұяты. Сондықтан барша қыздарымыз келесі кеңестерді біле жүргені жөн.

1. Мұңаймаңыз. Қандай қиыншылық кездессе де, Алладан үміт үзбеңіз. Ол қалаған оқуға түсе алмау, жұмысқа тұра алмау сияқты мәселелер болуы мүмкін. Бұйырған кетпейді. Барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынын естен шығармаңыз. Дұға етіңіз.

2. Қарапайым болыңыз. Қарапайымдылық – қыздың ең жақсы қасиеті. Жан-дүниеңіз де, сыртқы келбетіңіз де қарaпайым болсын. Алла тағала тәкаппарларды жек көреді.

3. Білімге ұмтылыңыз. Құран – барлық дертке дауа, жаныңызға серік болар Ұлы кітап. Білімге құштар болыңыз. Білім – сіздің өрісіңізді кеңейтіп, ақыл парасатыңызды арттырады.

4. Жақсы достар. Сізді теріс істерге итермелеп, жаман жолға апаратын достардан аулақ болыңыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Адам дінді досынан үйренеді, сондықтан әркім жанындағы досына мән берсін» - деген.

5. Еңбекқор болыңыз. Жалқаулық – адамның жауы. Жетістікке тек адал төгілген маңдай тер мен еңбектің арқасында жетеді. Қандай істе болсын, табандылық танытыңыз. Әрбір нәрседен тек жақсы жағын алып, жаман жағы сізге сабақ болсын. Бұл нәрсе мені өсіре ме, өшіре ме, қайтсем айналама пайдам тиер екен? деген сауал көкейіңізде жүрсін.

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста