Қышыма ауруынан қалай құтылуға болады?

Негізі, тез жұғатын аурудың бірі – қышыма. Осы аурудан қалай құтылуға болады, одан сақтанудың жолдары бар ма?
Шоқан, Оңтүстік Қазақстан облысы
Бұл сұраққа Алматы мемлекеттік дәрі­герлер білімін жетілдіру институты тері-венерология ка­фед­ра­сының меңгерушісі Гүлсім АСҚАРОВА жауап береді:
– Қышыма қотыр (чесотка) – терінің жұқ­палы ауруы. Оны тарататын қоздырғыш – қышыма қотыр кенесі. Ол адамның терісіне жұққан бойда өзіне орын «қаза» бастайды. Ұрғашысы сол өзі «мекендеген» тұсқа жұ­мырт­қа салады. Үш-төрт күннен кейін онысы құртқа (личинкаға) айналады. Қышы­ма­ның алғашқы белгілері: дененің кей тұсы бой бермей дуылдап кышиды, үстін түрлі түйіншектер, көпіршіктер, қанды қабыр­шақ­тар, тырнақ ізі басады. Осындай белгі сезілді дегенше, уақыт оздырмай дәрігерге көріну керек. Одан сақтанудың ең басты жолы – тазалық. Апта сайын суға түсіп, ішкиімді жетісіне бір ауыстырып тұру шарт. Әсіресе біреудің киімін киюден аулақ болған жөн. Қышыма қотырға шалдыққан адам ауруханаға жатпай, үйде емделсе, оның төсек-орны, тұтынатын заттары бас­қалар­дікіне араластырылмайды. Оларды кез келген ұнтақ сабын қосылған, сақылдап қайнап тұрған суда 10 минуттай қайнатып жуу керек. Қышыма қо­тыр­мен күресте дәрігерге уақытында көріну де, дер кезінде тыңғылықты емделу де, науқастың тұтын­ған затта­рын­дағы паразиттің көзін жою да маңызды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста