Қымыздың құрамында қандай дәрумендер бар?
Қымыздың химиялық құрамы қандай? Ондағы этил спиртінің мөлшері қанша?
Назгүл Есіркепова, Қостанай қаласы
Ашыған қымыз құрамындағы ақуыз оңай қорытылатын заттарға, сүт қанты, сүт қышқылына, көмір қышқылына және жұпар иісті заттарға айналады. Қымыз құрамындағы этил спиртінің мөлшері 0,2%-дан 2,5%-ға дейін болуы мүмкін. Қазақтың асау қымызының құрамында спирт мөлшері 40%-дан да асып кетіп жатады. Мұндай сусынды халқымыз есеңгірететін ішімдік ретінде қолданған. Биохимиктер жылқы сүті құрамын былай саралайды:
суда еритін тиамин (B1) дәрумені – 203,4 микрограмм/литр
рибофлавин (B2) – 375,0 мкг/л
B12 – 2,1 мкг/л
пантотен қышқылы – 2010 мкг/л
фолий қышқылы – 265 мкг/л
биотин – 1,2 мкг/л
С дәрумені – 93,2 мкг/л
Қымыз медицинада өкпе, ішкі жыныс бездері, асқорыту жүйесі, жүрек-қан айналымы, қатерлі ісік, жүйке, жұқпалы инфекциялар, басқа да көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылады.