Баламыздың көлікті жүргізудің теориялық та, практикалық та курсынан өткені туралы куәлігі бар. Бірақ жүргізушілік куәлігі жоқ. Егер әкесі оған көлігін айдауға беретін болса, олар қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін?
Айғаным Жиреншина, Алматы қаласы
Жол полициясы қызметкерлерінің айтуынша, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 470-бабының 2-бөлігіне сәйкес, көлік жүргізуге құқық беретін куәлігі жоқ адамның көлікті басқаруы және сондай-ақ көлік құралын басқаруды көлік жүргізуге құқығы жоқ адамға беру заңсыз әрекет болып есептеледі. Мұндай жағдайда көлік иесі де, көлікті куәліксіз жүргізген адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылады, оларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Құжаты жоқ адамға көлік айдатудың жазасы не?
Последние статьи автора