Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт

Құтырма - вирус арқылы таралатын, тез өрбитін қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру, адам баласына өте ерте заманнан таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ.
Дүние жүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 55 мың адам көз жұмады. Құтырма ауруымен ауырған 55 мың адамның 99% жұқтыру көздері ит.
Соңғы 3 жылда елімізде 19 адам құтырмамен ауырып қайтыс болды, оның ішінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында бір адамнан қайтыс болса, Ақмола облысында – 2 адам, ал Оңтүстік Қазақстан облысында – 11 адам қайтыс болды.
Құтырма ауруымен ауырған 19 адамның ішінде 14 жасқа дейінгі бала – 6 (31,6%).
Айта кетерлік жайт, үй және жабайы жануарлардан жарақат алғаннан кейін адамдар дәрігерлік көмекке жүгінбеген, тістелгені жайлы ешкімге айтпаған. Құтырма ауруы әдетте үй жануарларынан (ит, мысық) жұғады және соңғы 3 жылда жануарлардың бұл категориясы барлық жұқтыру көзінің 84,2% құрады. Бұл, белгілі бір деңгейде үй жануарларына құтырмаға қарсы екпенің жеткіліксіз жүргізілуімен, оларды ұстау ережесінің сақталмауымен және қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын азайту мақсатында жұмыстардың төменгі деңгейде жүргізуімен байланысты болып отыр.
Жабайы жануарлар арасында құтырма ауруын адамдарға жұқтырудың негізгі көзі түлкі мен қасқыр болады, олардың үлес салмағы 15,8% құрайды.
Ауру белгісі үй немесе жабайы жануарлардан жарақат алғаннан соң 10 күн мен 1 жыл аралығында, кейде 1 жылдан аса мезгілде байқалады, көбіне 20 - 60 күннің ішінде адамда құтыру белгілері анықталады.
Аурудың қоздырғышы адамдарға ауырған жануарлардың сілекейі арқылы жұғады. Ауруды таратушылар жабайы аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ. Олар ірі қара, жылқы, қой, ешкілерге, ит пен мысықтарға ауру жұқтырады. Соңғы 3 жылда қайғылы жағдайлардың негізгі себептері құтырған үй және жабайы жануарларының тістеуінен орын алған. Сондықтан ит, мысық тістеген жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну қажет. Неғұрлым ерте жасалған ем соғұрлым нәтижелі болмақ.
Құтырма ауруы белгілі бір мерзімді талғамайды, жылдың кез келген уақытында кездеседі.
Құтырмамен ауырған адамдар суды көрсе, судың сылдырын, тіпті су деген сөзді естісе, оларда қорқыныш пайда болып, артынан жұтыну қабілетінен айырылып, өте қиналып өледі. Сондықтан да бұл ауруды «гидрофобия», немесе «судан қорқу» деп те атайды.
Адамдар құтырмамен, осы аурумен ауырған аңның (қасқыр, түлкі, ит, қарсақ, мысық т.б.) тістеуінің салдарынан, немесе ондай жануарлардың сілекейі адамның жарақаттанған терісімен жанасып, оның жарасына кірген жағдайда ғана ауырады. Жоғарыда көрсетілген аңдардың ішінде бұл аурудың вирусын сақтайтын негізгі аңдар – қасқыр мен ит болып саналады.
Құтырмамен ауырған аңдар мен жануарлардың мінез – құлқы, жүріс - тұрысы әдеттегіден өзгеріп, оларда оғаш қылықтар пайда болады: мысалы, ит себепсіз үріп, немесе еңсесі түсіп, үретін жерде үрмей, адамдарға, малдарға, заттарға себепсіз тап беріп, өзін - өзі тістеп, тамақ ішпей, көзіне көрінген заттарды: ағашты, тасты, сабынды тістеп шайнайды. Үрген дауысы қырылдап, аузынан сілекей мол бөлінеді.
Егер ауырған ит босанып кететін болса, ол бұрылмай, тікелей жүріп, жолдағы кездескен аңдар мен адамдарды алдын ала ырылдамай – ақ, бірден тістейді. Бұл аурумен ауырған ит ауру басталғаннан кейінгі 5 – ші немесе, 6 - шы күні өледі.
Қазіргі кезде көрсетілетін антирабиялық көмектің (арнайы иммуноглобулин мен вакцина) бұл аурудың алдын алу үшін тигізетін себебі мол. Құтырмамен негізінен антирабиялық көмек алмағандар, болмаса оны толық көлемде алмағандар ғана ауырады. Жыл сайын осы аурудан өлгендердің саны 2 мен 14 арасында болып отыр.

Құтырма ауруымен ауырмас үшін адам не істеу керек?

Егер, жануар немесе ауырған жабайы аңдар қапқан адам немесе жануарлардың сілекейі денесіне тиген адам уақытында медициналық көмек алатын болса, онда біздің арамызда құтырмамен ауыратындар кездеспеген болар еді. Ауруды болдырмауға бағытталған шараларды, егу жұмыстарын өз бетімен тоқтатуға, немесе медицина қызметкерлері белгілеген тәртіпті бұзуға болмайды (арақ ішіп, ащы тағамдарды жеуге), мұндай жағдай орын алса, жүргізілген емдік шаралардың пайдасы шамалы болады.
Егер, түріне қарағанда сау сықылды аң немесе жануар адамды тістеп алса, одан пайда болған жараны сабынды жылы судың көп мөлшерімен мұқият жуып, артынан дәрігерге көріну керек. Егер, сілекей адамның көзіне түскендей болса, онда көзді жылы судың ағынымен мұқият жуу керек.
Құтырманы болдырмауға арналған егу жұмыстары неғұрлым ерте жүргізілсе, мұндай шаралардың нәтижесі соғұрлым жақсы болады.
Негізінен ауруды тарататындар иттер мен мысықтар болғандықтан, иесіз иттер мен мысықтарды ұстап алып, оларды жоюды қолға алу керек. Ал, үйде ұсталатын иттер мен мысықтар есепке алынып, олар жыл сайын құтырмаға қарсы егілуі тиіс. Үйде ұсталатын иттер мен басқа да жануарлар ауыра қалған жағдайда, оларды тез арада мал дәрігерлеріне көрсетіп, тексерту қажет.

Естеріңде болсын, құтырма ауруының алдын алуға болады.

«Санитариялық – эпидемиологиялық сараптама
және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
карантиндік және аса қауіпті ауруларды қадағалау
департаментінің директоры А. М. Тулеуов

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста