Құрылтайшылар тізімінен қалай шығуға болады?

Мен түрік-қазақ бірлескен кәсіпорынына бір пайыздық үлеспен құрылтайшы болған едім. Бірақ ол кәсіпорын бірнеше жыл бұрын жұмысын тоқтатқан. Алайда кәсіпорынның салық­тық қарыздары қалған екен. Енді сол қарыздар менің алдымнан шығып отыр. Құрыл­тай­шылардың тізімінен шығайын деп сотқа арыз берсем, «қалған құрылтайшылардың келі­сі­мі керек» дейді. Әділет органы арқылы құрылтайшылар тізімінен шығуыма бола ма?
Зульфия ХАЙРУЛЛИНА,
Атырау облысы
Әділет органы маманының мәліметіне қара­ғанда, әділет органдары өз құзыреті шегінде заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықты­рулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу фактiсiн куәландырады. «Жауап­кершілігі шектеулі және қосымша жауап­кер­шілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 43-бабына сәйкес, серіктестіктің жарғылық капи­та­лы мөлшерін, орналасқан жері мен фирмалық атауын өзгертуді қоса алғанда, оның жарғысын өзгерту немесе серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту туралы сұрақ­тар­ды шешу жауапкершілігі шектеулі серіктес­тіктің (бұдан әрі – ЖШС) жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатады. Тіркеуші орган құрылтай құжаттарын тіркеу рәсімінен өткізген­нен кейін сараптама жасайды. Ал құрылтай­шылар құрамынан шығуға қатысты мәселелері тіркеуші органның құзыретіне жатпайды.
Сонымен қатар Қазақстан Республика­сының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабына сәйкес, әрбір адам бұзылған немесе даулы конс­титуциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Кодекстің 298-бабына сәйкес, судья істі соттың қарауына әзірлеу кезінде қандай адамдардың жоқ адам туралы мәлімет бере алатынын анықтайды, сондай-ақ жоқ адам туралы соңғы мәлім болған тұрғы­лық­ты жері және жұмыс орны бойынша тиісті ұйымдардан ол туралы бар мәлі­меттерді сұрауға құқылы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста