Құрманы мұздатқышта сақтаған дұрыс
Құрма жемісінің саудаға шығарылатын уақыты таяп қалды. Күздің соңғы айлары мен қыста сатылатын экзотикалық жемісті қалай ұзақ сақтауға болады?
Алмагүл РЫСҚҰЛБЕКОВА, Астана қаласы
Адам ағзасына құрамындағы дәрумендері және микроэлементтерімен пайдалы бұл жемістің 500-ге тарта түрі барын ескерсек, олардың дәмі мен түрлері де әр алуан болатыны сөзсіз. Жемістің кей түрі жегенде ауызды тұтып қалады. Ол үшін түнде мұздатқышқа немесе 12 сағатқа жылы суға салып қойсаңыз жеткілікті. Құрманы таңдағанда, ең алдымен, оның түбіндегі сабағына көңіл аударған абзал. Таза піскен жемістің сабағы құрғақ, ал қабығы жұмсақ, жылтыр, тегіс әрі ақшыл сарғыш түсті болады. Қабығында қара дақтары бар жеміс оның бұзыла бастағанын білдіреді. Сондықтан мүмкіндігінше мұндай құрманы сатып алмауға тырысыңыз. Экзотикалық жеміс мұздатқышта ұзақ сақталады. Дегенмен өсімдік мамандары құрманы алты айдан артық сақтауға болмайтынын айтуда. Жарты жылдан асқан соң жемістің құрамындағы дәрумендер азаяды.