Елімізде құрғақ қымыз өндірілетіні рас па? Осы жайында толық мәлімет берсеңіздер...
Айзада Маратқызы Алматы облысы
Расымен де, жуырда Қызылорда өңірінде жылқы сүтін құрғақ күйінде экспорттайтын кәсіпорын ашылатыны мәлім болды. Облыстық кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының басшысы Серік Сермағанбетовтің айтуынша, аталмыш жобаның жалпы құны – 300 миллион теңге. Аталмыш кәсіпорын «30-ға тарта адамды жұмыспен қамтимыз» деп отыр. Бір айта кетерлігі, құрғақ қымызға Еуропа мемлекеттері, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытай, Корея елдері қызығушылық танытуда. «Бұған дейін Семейде жалпы құны 200 миллион теңгені құрайтын құрғақ қымыз кәсіпорны ашылған болатын. Енді құрғақ қымыз экспортымен екі бірдей кәсіпорын айналысатын болады» дейді мамандар. Жалпы, ғалымдар қымыздың микрофлорасы құрғақ күйінде жақсы сақталатынын дәлелдеп отыр. Құрғақ таблеткалар түріндегі қымыз, негізінен, косметология, фармацевтика, балалар мен диеталық тағамдарға қолданылады. Бұл өнімді ғарышкерлер, шахтерлер, альпинистер мен жүзушілер де тұтынатын көрінеді.
Құрғақ қымыз өндіріле ме?
Последние статьи автора