«Құраншылармыз» дегендер кімдер?

Қазіргі таңда елімізде «құраншылар» деген діни топ пайда болды. Осы «құраншылармыз» дейтіндер кімдер және олардың көздегені не? Алмасқажы ЕРДӘУЛЕТ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Қайрат Жолдыбайұлы, дінтанушы:
– Ең әуелі ол топтың өздерін «құраншылар» деп атауы дұрыс емес. Себебі «құраншылар» деген сөз «біз құранды дұрыс түсініп, әр ісімізде оны басшылыққа аламыз» дегенге саяды. Ал құранды Алланың адамзатқа жіберген ақырғы елшісінің хадистерінсіз дұрыс түсіну мүмкін бе? Әрине жоқ. Олай дейтініміз, Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) қасиетті құран кітапты адамзатқа жеткізуші жай дәнекер ғана емес, оны егжей-тегжей түсіндіруші, жалпысын жалқылайтын, кесек айтылған үкімдер мен жалпы ереже-қағидаларды тарқатып талдайтын ұлы ұстаз ретінде жіберілген. Құранда құлшылық мәселесі болсын, дүниелік қарым-қатынастарды реттейтін басқа құқықтық мәселелер болсын, барлығы көбіне жалпы ереже күйінде айтылған. Ал сол негізгі ережелерді тарақтап түсіндірген, кесек үкімдердің тармақтарын талдап берген ақырғы елші Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың сахих хадистері болмақ.

Мысалы, құранда «намаз оқып, зекет беріңдер» деген тоқсанға жуық аят бар. Бірақ бұл аяттардың ешбірінде намаздың нақты уақыттары, рәкат сандары және намаз ішінде оқылатын сүрелер мен дұғалар көрсетілмеген. Ал енді хадисті жоққа шығарсақ, ғасырлар бойы оқылып келе жатқан намаз қалай оқылады? Сондай-ақ құранда зекет берілуі тиіс мал-мүліктің түрлері мен мөлшері де нақты көрсетілмеген. Тіпті мұсылмандардың рәмізіне айналған, бес уақыт шақырылатын «азан» құранда мүлде айтылмаған. Мәйіттің қалай кебінделіп, жаназа намазының қалай атқарылып, қалай жерленетіндігі де білдірілмеген. Ендеше, хадиссіз құранды, исламды дұрыс түсіну мүлдем мүмкін болмағандықтан, бұл топтың өздерін бұлай атауларының астарында құранды өздерінің теріс әрекеттеріне перде ету жатыр. Сондықтан оларды «құраншылар» дегеннен көрі «сүннетті мойындамайтындар, хадистерді жоққа шығаратындар» дегеніміз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста