Кішкентай балам үйдегі анамнан қалған қымбат фарфор құмыраны сындырып алды.
Анар САДЫҚҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Мұндай ыдысты желімдеуге болады. Ол үшін, ең алдымен, сапасы мықты, эстетикалық тұрғыдан алғанда да қолайлы желімдерді таңдап алғаныңыз жөн. Сондай-ақ желімдер із қалдырмайтындай, суға төзімді келетіндей болуы қажет. Құмыраңызды желімдеуден бұрын оны жақсылап ацетонмен тазартып алу керек. Содан кейін жапсырылатын бөлшектердің екі жақ бетіне желім жағылып, 10-15 минут кептіріледі.Тағы да желімді екінші рет жағады. 2-3 минут кептіріліп барып, бір-бірімен жабыстырылады. Бөлшектерді бір-бірімен жақсы жабыстыру үшін серпімді резеңкемен 20 минуттай қатты етіп орап қояды. Тек 24 сағаттан кейін ғана желімделген жер кебеді. Резеңкені алып, құмыраңызды іске жарата беруіңізге болады.