«Анклав» мемлекеттер деген терминді естіген едім. Осы сөздің мағынасын түсіндіріп бересіздер ме?
Асылжан НҰРБАҚЫТҰЛЫ, Алматы облысы
«Анклав» сөзі француз тілінде «құлыптау» деген мағына береді. Бір мемлекетпен ғана шектесетін, яғни төрт құбыласын толық бір ғана мемлекет қоршап жатқан ел. Мұның мысалы ретінде Италия қоршауындағы Ватиканды және Сан-Мариноны, ОАР қоршауындағы Лесотоны атауға болады. Ал егер территория халқы теңізге шыға алатын болса, оны «жартылай анклав» деп атайды. Мысалы, Францияның қалқасындағы – Монако, Испания қалқасындағы Португалия Бруней, Газа Секторы. Анклавты мемлекеттерге қарағандақ жартылай анклавты елдердің саны әлдеқайда көп. Бұлардың қатарына сондай-ақ Индонезия қалқасындағы – Шығыс Тимор, Германияның анклавы – Дания, АҚШ анклавы – Канада, Индонезия қалқасындағы – Папуа Жаңа Гвинея, Солтүстік Корея қалқасындағы Корея Республикасын жатқызуға болады. Ал Гаити мен Доминикан Республикасы және Ирландия мен Британия мемлекеттері өзара жартылай анклавтар болып табылады.