Құлагер кескіні қайда тұр?

Әйгілі Ақан серінің Құлагерін білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Талай бәйгеде топ жарып, ақыры көреалмаушылардың кесірінен өлген Құлагерге Ақан сері тіпті ән де арнап еді ғой. Жақында сол Құлагерге ескерткіш орнатылды деп естідім. Ол қайда орнатылды және авторы кім?
Жандарбек АЙТБАЕВ,
Алматы қаласы

Сіздің бұл сұрағыңызға жауап беру үшін Құлагер ескерткіші идеясының авторы, Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Сәдібек Түгелді сөзге тартқан едік.
– Ескерткіш «Астана-Көкшетау» автобанының бойында орналасқан. Астанадан Көкшетау бағытына шықсаңыз, МАИ бекетінен бес шақырым жүргеннен кейін көре аласыз. Мүсіннің ұзындығы – 8 метр, биіктігі – 5 метр, салмағы – 6 тонна, таза мыстан құйылған. Жалпы ұзындығы – 11 метр. Жалпы, идеяның авторы – мен. Бірақ мүсінін Бішкекте қырғыздың белгілі мүсіншісі Базарбек Садықовтың шеберханасында Сұлтан Иляев деген шымкенттік азамат жасады. Ескерткіш өткен жылдың 26 қарашасында орнатылды. Тағы бір айта кетерім, Керей мен Жәнібектің мүсінін жасау үшін бюджеттен 600 мыңнан астам теңге бөлініп, ақыры ол жарамсыз болып қалғанын білесіздер. Ал Құлагердің ескерткішін орнату үшін бюджеттен бір тиын да алған жоқпыз, – деп жауап берді белгілі атбегі, жазушы-журналист Сәдібек Түгел.
Негізі, 1989 жылы Андрей Ример есімді неміс азаматының бастамасымен Ерейментау қаласы мен Павловка ауылының ортасындағы дөңеске Құлагерге арнап ескерткіш орнатылған болатын. Алайда 1996 жылдың 6 ақпанында түн жамылған ұрылар осы ескерткішті ұрлап кеткен еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста