Құйынның екпіні қаншаға жетуі мүмкін?

Құйынның жылдамдығы қаншаға дейін жетуі мүмкін? Тарихтағы ең жойқын құйын қай кезде болған?
Нұржан Әділетов,
Ақтөбе қаласы
Құйын – атмосфералық қысымның әсе­рінен түйдек-түйдек жаңбыр бұлт­тарында пайда болып, жер бетіне тара­латын құбылыс. Әдетте құйынның диа­метрі 300-400 метрге дейін жетеді, ал оралған түтік тәрізді пішінінің ұзындығы жер бетінен 1,5-3 шақырымға дейін биік­­теуі мүмкін. Түтіктің жоғарғы жа­ғын­да ауа ыдыраңқы жағдайда болады. Сондықтан газы бар жабық ыдыс құйын­мен биікке көте­рілгенде, ол ауа қысы­мы­ның әркел­кілігінен жарылып кетіп жа­тады. Құйын­ның жылдамдығы секун­ды­на 18 метрге жетеді, сағатына 1300 ша­қырым болуы да мүмкін. Ғалымдар радиусы 1 шақырым, жылдамдығы 70 м/с болатын жойқын құйын­ның қуатын атом бом­басының энер­гиясымен теңес­тіреді. Құйын жыл мезгілін таңдамайды. Тарихта 1917 жылы 26 мамырда АҚШ-та болған торнадо ең жойқын құйын болып саналады. Жеті сағатқа созылған құйын 500 шақырым жерді жайпап, 110 адамды өлтірген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста