Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметіне қоса 9 сағат сабақ беріп келді. Енді еңбек демалысына шыққан кезде Арал өңірінде тұрғаны үшін бір айлық көлемінде материалдық көмек және сауықтыруға арналған жәрдемақы 9 сағаты қосылып, 1,5 жүктемеге төлене ме немесе тек 1 жүктемеге беріле ме?
Дәнегүл ИСЛАМОВА, Қызылорда облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 196-бабына сәйкес қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
Негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан төрт сағаттан артық аспауға тиiс.
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi.
Кодекстің 199-бабына сәйкес қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.
Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы – қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.
Бұл ретте Кодектің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Осыған орай, аталған жәрдемақы негізгі жұмыс орны (лауазымы) бойынша, сонымен бірге қоса атқаратын жұмыс орны (лауазымы) бойынша төленуі тиіс.
Қосымша жұмысы үшін сауықтыру жәрдемақысы төлене ме?
Последние статьи автора