Қосымша жұмыс үшін ақы қалай төленеді?

Медициналық мекеменің бөлім меңгерушісі қосымша  0,5 бірлікпен дәрігер терапевт қызметін атқарған жағдайда қосымша жұмыс үшін ақы төленуі тиіс пе?
Меңдігүл МАҚҰЛБЕКОВА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Еңбек кодексінің  (бұдан әрі – Кодекс) 1-б. 1-т. 58) тар­мақ­ша­сына сәй­кес, қоса атқарылатын жұ­мыс – қыз­мет­кердің негізгі жұмы­сы­нан бос уақытында ең­бек шарты жағ­дайында тұрақты, ақы төленетін бас­қа жұмысты орындауы.
Кодекстің 196-бабына сәйкес,  қыз­меткер өзi еңбек қа­ты­нас­та­рында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс оры­ны бойынша), сон­дай-ақ бiрнеше жұмыс бе­ру­шi­мен де қоса атқаратын жұ­мыс ту­ралы еңбек шартын жасасуға құ­қы­лы.
Қоса атқаратын жұмыс туралы ең­бек шартында жұмысты қоса ат­қару жөнiнде сiлтеме болуы мiн­деттi.
Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жұ­мыс уақытының ұзақтығы Кодекстің 198-бабына сәйкес жүзеге  асырылады.  
Осы бапқа сәйкес, негiзгi  жұмыс орны бо­йынша және қоса атқаратын жұмысы бо­йынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақ­тығы осы Кодекстiң 82-бабында бел­гiленген күнделiктi жұмыс уақытының нор­масынан 4 сағаттан артық аспауға тиiс.
Сонымен қатар, Кодексте үстеме жұ­мыс – қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бо­йынша орындайтын, жұмыс уақытының бел­гіленген ұзақтығынан тыс жұмысты атайды.
Демек, үстеме жұмыстар мен қоса атқа­ра­тын жұмыс – екі бөлек түсінік.
Осы орайда, қоса атқарылатын жұмыс бо­йынша жұмыс уақыты  үстеме жұ­мыстарға жатпайды.
Кодекстің 23-б. 2-т. 19)-т. сәйкес,  жұ­мыс уақытының, оның ішінде әрбір қыз­мет­кер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиян­ды (ерек­ше зиянды), қауіпті еңбек жағ­­дай­ла­рындағы жұмыстардың, ауыр жұ­мы­с­тардың нақты есебін жүргізуге мін­детті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста