Қосымша атқарған жұмысқа қосымша ақы қалай төленеді?

Мен емханада мамандығым бойынша психотерапевт болып жұмыс атқарамын. Таяуда емхана басшысы маған қосалқы қызмет ретінде 0,5 бірлікпен психиатор қызметін қоса атқаруды тапсырды. Алайда қоса атқарған жарты бірлік қызметім үшін маған 30 пайыз ғана үстеме төлеп отыр. Осы заңды ма? Қосымша атқарған қызметім үшін мен қанша үстеме ақы алуым керек?
Зәйгүл ЖҰМАШЕВА,
Шығыс Қазақстан облысы
Сарапшы мамандардың айтуына қарағанда, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу «Аза­маттық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) реттеледі.
Қаулыға 19-қосымшада мамандарға, қыз­метшілерге және жұмысшыларға лауазымдарды қоса қызмет атқарғаны (қызметтер көрсету аясы кеңігені) үшін қызметкердің лауазымдық жал­ақысынан 50 %-ға дейінгі мөлшерде қосымша ақы белгіленген.
Көрсетілген қосымша ақы мекемелердің бас­шыларына, олардың орынбасарларына қолда­нылмайды.
Бұл ретте, қосымша ақы барлық қызметкерлерге белгіленуі мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста