Әскери-саяси блоктарға қосылмайтын елдердің халықаралық ұйымы туралы толығырақ білгім келеді. Әлемді ядролық қарусыздануға шақырып жүрген Қазақстан осындай ұйымға мүше болып табыла ма?
Қосылмау қозғалысы (ағылш. Non-Aligned Movement) – НАТО, Бағдат Пактісі, СЕАТО, АНЗЮС секілді әскери блоктарға қатыспау принципін ұстанған 119 мемлекетті біріктіретін халықаралық саяси ұйым. Қосылмау қозғалысы 1961 жылы 25 елдің ұйытқы болуымен Белград конференциясы нәтижесінде құрылды. Бұл ұйымды құрушылар ретінде Иосип Броз Тито, Гамаль Абдель Насер мен Джавахарлала Нерудің есімдері аталады. Қазіргі кезде ұйым бір еуропалық (Беларусь), 38 азиялық (Палестина, Украина, Түрікменстан, Өзбекстан), 53 африкалық және 26 латынамерикалық елдерді біріктіріп отыр. Қазақстан бұл ұйымға мүше болмағанымен, бақылаушы болып саналады. Қосылмау қозғалысы ұйымына бақылаушы мәртебесіне 16 елмен бірге БҰҰ, Африка одағы, Араб мемлекеттерінің лигасы, Ислам конференциясы ұйымы және тағы басқа да ұйымдар ие.