Қосалқы жұмыс үшін жәрдемақы қалай төленеді?

Егер мемлекеттік мекемедегі қызметкер сол мекемеде өз жұмысымен қатар жарты ставкада қосымша жұмыс атқарса, еңбек демалысымен қоса берілетін жәрдемақы бір ставкаға төлене ме, әлде қосымша жұмыс үшін қоса төлене ме?
Баян ӘУЕЛБЕКОВА,
Алматы облысы
Сарапшы маманның мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 196-бабына сәйкес, қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс беру­шiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жа­са­суға құқылы. Негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқа­ратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақ­тығы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақы­тының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиiс. Қоса атқа­ратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi. Кодекстің 199-бабына сәйкес, қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берi­ледi. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы – қызметкердiң өтiнiшi бойынша дема­лыс ұзақтығы­ның айырмасын құрайтын күндерге жала­қысы сақталмайтын демалыс бередi. Осыған орай, сауық­тыруға арналған жәрдем­ақы негізгі жұмыс орны (лауазымы) бо­йынша, сонымен бірге қоса атқаратын жұмыс орны (лауа­зы­мы) бойынша төленуі тиіс. Егер лауазымдарды қоса атқар­ған жағдайда (негізгі лауазым бойынша жұмыс уақытының ше­гінде), сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді (қоса атқаратын жұмыс бойынша).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста