Қорықтардың эмблемалары қандай?
Еліміздегі 10 мемлекеттік табиғи қорықтың эмблемалары қандай? Наурызымдікі ше? Ғаламтордан ақпарат іздеп едім, ештеңе таппадым.
Азамат БАҚТИЯРҰЛЫ, Алматы қаласы
Елімізде барлығы 10 мемлекеттік табиғи қорық бар екені белгілі. Олар: Ақсу-Жабағылы, Алматы, Алакөл, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғалжын, Марқакөл, Наурызым, Үстірт қорықтары. Бұларға қоса Ақжайық, Торғай, Ертіс орманы сияқты мемлекеттік қорғауға алынған табиғи резерваттар бар. Ақсу-Жабағылы – елімізде құрылған алғашқы қорық. Ол Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан. Тұңғыш қорықтың эмблемасы – Грэйг қызғалдағы. Қан қызыл гүлшелі қызғалдақ қазақ жерінің әсем табиғатының символы іспетті. Наурызым қорығының эмблемасы – аққу. Алматы қорығы немесе Алтын Емел ұлттық саябағының басты нышаны – құлан. Басқа қорықтардың эмблемасы әлі күнге дейін бекітілмеген.