Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу – қай қаланың болмасын өзекті проблемасының бірі. Бірақ Павлодарда сол мәселе қолға алынып, қоқысты қайта өңдейтін зауыт ашылады деп естідім. Білгім келетіні, сол полигондар келесі жылға дейін тұрғызыла ма?
Назархан, Павлодар қаласы
Назархан, Павлодарда қоқысты қайта өңдейтін заманауи полигон 2015 жылға қарай салынады. Қала әкімдігінің мамандары Павлодар қаласын тек 2015 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу және сақтау бойынша заманауи полигондар пайда болуы тиіс тоғыз қаланың қатарына кіргенін айтып отыр. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша агенттігі жанындағы «Қазақ су арнасы жобасы» акционерлік қоғамының сарапшысы Мұрат Іргебаевтың мәлімдеуінше, полигондар мен қоқысты өңдеу зауыттарын құру бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Егер биыл ол негіздеме жасалса, келесі жылы еш кешіктірусіз қаржыландыру мен құрылыс жұмыстары басталады. Сондай-ақ болашақ полигонның ауданы 100 гектар жер деп белгіленді. Қазіргі кезде қалалық қоқыс тастайтын жерде өңделуге жататын қоқыстар мен қалдықтарды сорттау жоспарлануда.
Қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынады?
Последние статьи автора