«Қолының сұғы бар» шамадан табылды
Испанияда шамадан ішінен ұры шықты. Ол қол сөмкелер ішіне жасырынып, әуежайдың жүк қоймасын тонаумен ұзақ жылдан бері айналысып жүрген екен.
France-Presse агенттігінің хабарлауынша, ұры Жирона әуежайынан Барселонаға бет алған жүк автобусынан ұсталды. Оны сыбайласы шамадан ішіне салып, жүк бөлімшесіне тапсырып кеткен. Жол сөмкелердің ортасында қалған баукеспе жүк арасынан талай қымбат нәрсені қолды қылып үлгерген. Багаж автобусы Барселонаға жеткен кезде ұры қайтадан шамадан ішіне жасырынады. Бірақ тым үлкен әрі тым ауыр шамадан жүк қоймасы қызметкерлерінің күдігін туғызып, ұры мен оның сыбайласы қолға түсті. Бойы 178 см болатын жігіт осы әдісімен ұзақ жылдан бері әуежай багажын тонап келген екен.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу