Қол күресі немесе армрестлинг спорты туралы білгім келеді. Оның ережелері қандай болады?
Димаш МЫРЗАБЕКОВ, Астана қаласы
Армспорт – арнайы үстелде өткізілетін, өзіндік ережесі бар қол жекпе-жегі. «Армрестлинг» – ағылшын тілінен аударғанда, «arm» – қол, «wrestling» – табан тірескен күрес деген мағынаны білдіреді. Сайысқа қатысушылар бекітілген халықаралық ережеге сай, арнайы үстелдің екі жағында тұрып күш сынасады. Төрешінің бұйрығымен шынтақтары арнайы жұмсақ шынтақшаларға қойылады. Алайда қол күресі кезінде шынтақты көтеруге, қозғауға, жұмсақ шынтақшадан шығаруға болмайды. Ашық алақандар біріктіріліп, бас бармақтар бір-біріне айқастырылады. Білекті бір қалыпты түзу ұстау қажет. «Білекті түзе!», «Иықты түзе!» деген команда берілісімен, спортшылар бос қолдарымен арнайы тіреуден ұстайды. Төрешінің белгісінен кейін ғана күресті бастайды. Төрешінің белгісінен бұрын екі рет ерте бастап қойған ойыншы ары қарай күресу құқығынан айырылады. Шынтақ орнынан тайып кетсе, басы мен иығы үстелдің ортаңғы сызығын қиып өтсе немесе үстелге тиіп кетсе ереже бұзылған болып саналады.
Айқас кезінде бос қолды тіреуден босатуға және екі аяқты бірдей еденнен көтеруге болмайды.
Қол күресінің ережесі бола ма?
Последние статьи автора