Соңғы уақытта досым жиі талып қалатынды шығарды. Ең алдымен қол-аяғы қалтырап, ес-түссіз құлап қалады, содан кейін беті көгеріп кетеді. Дәрігерлер оған эпилепсия деген диагноз қойыпты. Бұл аурудың қазақша атауы «қояншық» екенін білемін. Сұрайын дегенім, мұндай ауру жазыла ма, ол неден пайда болады?
Еркін ҚУАНЫШЕВ, Алматы қаласы
Дәрігерлердің айтуынша, эпилепсия ауруы көп жағдайда жүре пайда болады. Бірақ талып қалған адамдардың бәрін «қояншық» деуге болмайды. Өйткені адам уайымдау, қан аздығы, шаршау сынды басқа жайттардың себебінен де құрысу не талма ауруына шалдығуы мүмкін. Бүгінгі медицина қояншық ауруының 250-ден астам түрін анықтайды. Бұл – емделетін ауру. Дәрігерлер қояншығы бар науқастарға салауатты өмір салтын ұстанып, 5-10 жыл бойы, кейде өмір бойы күтініп жүруге кеңес береді. Қояншықтың емге көнбейтін түрлері де болады. Аурудың көзге көрінбейтін жасырын түріне шалдыққан баланың ұйқысы мазасыз болып, ақыл-ойы кеш, тежеліспен дамиды, ұйықтаған кезінде кейбір дене мүшелері құрысып қалады.
Қояншық ауруын емдеуге болады
Последние статьи автора