Қоян неге қорқақ?

Қоян жылының басталуына санаулы күндер қалды. Ал осы жыл иесінің қандай ерекшеліктері бар? Неге оны «қорқақ» дейді?
Данияр Жұмабаев
Қоян – қолда өсіруге көнетін хай­уан. Адамзат бағзы заманнан бері оның етін де, терісін де пай­да­ланып келеді. Ал бүгінде ол – ға­лымдар үшін бағалы аң. Себебі әртүрлі тәжірибелер жасау үшін пайдаланылады.
Қоянның ішкі ағзалары адамдікіне өте ұқсас. Сондықтан ғалымдар қоян­ды түрлі тәжірибе жұмыстарын жа­сау мақсатында пайдаланады. Мә­селен, түрлі дәрі-дәрмектердің адам ағзасына тікелей және жанама әсер­лерін анықтау үшін тәжірибе жа­сайды. Дәрі қоян мен адамға бір­дей әсер етеді. Сондықтан қояндікі – барлық дәрі-дәрмектің құрамын, әсер ету факторларын анықтауға тап­тырмайтын ағза. Әсіресе оны жүйке жү­йесіндегі ауруларда, сондай-ақ бауыр, бүйрек, жүрек және тағы бас­қа ішкі ағзалардың сырқаттарына қар­сы егілетін дәрілерді зерттеу мақ­сатында жиі пайдаланады. Қоян­ға дәрі егілгенде, оның әсерін құ­ла­ғын­дағы қан тамырлары арқылы оңай анықтауға болады. Өйткені бұл қан тамырлары жақсы жетілген әрі жиі орналасқан. Қоянның миы да адамдікіне ұқсас келеді. Алматылық Тихонов деген ғалым қорғасынның адам миына қалай әсер ететінін анық­тау барысында тек қоянға ға­на тәжірибе жасаған. Негізі, адам мен қоянның миынан эндорфин мен энкефалин деген екі гормон бө­лі­неді. Эндорфин – қуаныш сезімін, ал энкефалин қорқыныш туғызады. Қоян­ның миынан, қан құрамынан эн­кефалин көп бөлінеді. Қоянның қор­қақ болатыны содан екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста