Қоғамдық жұмыс туралы білсем деп едім. Қанша ақша бөлінеді, кім бөледі және неше ай жұмыс істейді? Жұмыс түрлерін атап көрсетсеңіздер екен, әсіресе, ауылдық жерлерде жұмыстар қалай ұйымдастырылады?
Серғазы Ыбыраев, Қызылорда облысы
Сарапшы мамандардың мәліметінше, қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшелiктерi болады: І. Жұмыссыздарға әдейi арналған; 1-1) толық емес жұмыс уақыты режимiнде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге арналған; 2) жұмыс орындарының саны iс жүзiнде шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға болмайды; 3) жұмысты толық емес жұмыс күнi жағдайында және икемдi график бойынша ұйымдастыру мүмкiндiгi болады; 4) аймақ үшiн экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық пайдасы болады; 5) арнаулы бiлiмi жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкiндiк бередi. ІІ. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша: 1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады; 2) аймақтардағы ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiледi. Авариялар, дүлей зiлзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады. Осы заң қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөнiндегi құқықтық қатынастарды реттемейдi.
Қоғамдық жұмыстар қалай ұйымдастырылады?
Последние статьи автора