Жақында саябақта сыра ішіп отыр едім. Құқық қорғаушылар қоғамдық жерде сыра ішуге болмайды деп айыппұл салды. Бұл дұрыс па?
Марат, Алматы қаласы
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодексінің 336-бабына өзгерту енгізіліп, мұндағы “спирттік сусындар” сөзі енді “алкогольдік сусындар” сөзімен алмастырылып отыр. Ал сыра алкогольдік сусындар санатына енеді. Соған байланысты қоғамдық орындарда сыра ішіп ұсталған жандарға: бірінші жолы — бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; екінші жолы — бір немесе екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал үшінші жолы ұсталар болса, 15 тәулікке бас бостандығынан айыру орнына жіберіледі. Айта кетейік, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 1296 теңге.