Қобыздың шипалық қасиеті бар ма?
Қобыз сарынына шын көңілден ден қойсам, тұла бойымды айрықша сезім билеп, мұңлы әуеннің тұңғиық сырына бойлағандай күй кешемін. Осы қобыздың емдік-шипалық қасиеті бар деп естіген едім. Сол рас па?
Жанаркүл САҒЫНДЫҚОВА, Жамбыл облысы
Сонау ерте заманда қобыз бақсылардың емдеу құралы болған. Аспаптың қарағайдың бүтіндей бөлігінен ойылып жасалуы да бекер болмаса керек. Ежелгі наным бойынша, тіршілігін жоймаған ағаш «тірі» дауыс шығарады. Мүмкін, қобыздың ауа райын құбылтып, жан-жануарлардың өзін бейжай қалдырмауының себебі оның тірі табиғат тілінде сөйлей білуінде шығар. Қорқыттың ізін қуған бақсылар өлімнен ем іздеп, абыздың күйін орындайтын болған деседі. Түктібай бақсының киелі қобызы әлі күнге дейін сақтаулы тұр.
Сол қобызды ұстап, шын пейiлiмен ниет еткен адам мақсат-мұратына жететiн көрiнедi. Жалпы, бүгінгі медицинада да музыкамен емдеу әдісі бар.