Қажымұқан ұшағы қазір қайда?

Ұлы Отан соғысы кезінде Қажекеңнің қаржысымен Қазанда жасалған арнайы ұшақ қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаевқа табыс етілген екен. Ұшақтың одан кейінгі тағдыры қалай болған? Ол қазір қайда?
Нұржігіт АМАНЖОЛОВ,
Шымкент қаласы
Қажымұқан аманатын көзінің қарашығын­дай сақтаған Қ.Шалабаевтың айтуынша, ұшқыштық жеке кітапшасында оның соғыс кезінде аспанға 217 рет көтерілгені жазылыпты. Соның 70-тен астамы Қажымұқан ұшағының еншісіне тиген. Ұлы Жеңістің хабарын Курлян­дия майданында естіген ол Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысатын болған, бірақ сол күнгі ауа райы өте қолайсыз болғандықтан, Қызыл алаңдағы мерекеге әуе күштері ұшып шыға алмаған. Жеңіс парады аяқталғаннан кейін бір айдан соң әскер қатары­нан босанған Қ.Шалабаев Қажымұқан ұшағын Иваново қаласының жанындағы Керпач деген елді мекендегі аэродромға өткізіпті.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Қажымұқан мұражайының директоры Ш.Жарқынбекұлы: «Қажекеңнің қаржысына жасалған ПО-2 ұшағы Мәскеудегі соғыс техникалары қойылған ашық аспан астындағы мұражайда тұр дегенді естідік. Бірақ анығын білмейміз», – дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста