Қазақтың «айдар», «тұлым» қою дәстүрінде қандай мән бар?

Ерте заманда ұл және қыз баланың шашын өсірудің өзіндік әдістері болған. Айталық, айдар ұлға, тұлым қызға қойылған. Осы ретте Turkystan.kz тілшісі этнограф-ғалымдардан шаш қою дәстүрінің мәні қандай және оны не үшін жасағанын сұрап білді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

– «Айдарды ұлдың орайына қарын шашынан қояды. «Қарын шашы алынбаған кісінің қарғысы, назасы қатты болады» дейді.

Бұрынғы заманда айдар мен тұлым әлеуметтік мәртебені айқындау мақсатында қойылды. Көбінесе бай-бағландарда, хандар мен сұлтандарда, батырларда және олардың балаларында болған. Мәселен, Керей, Бұрындық ханның заманында Қасым сұлтанның замандасы, ағасы Жаныс сұлтанның басы жау қолынан алынды. «Мехман нама-и Бухара» кітабында «Жаныс сұлтанның басын айқыш-ұйқыш шимайлаған айдарынан азат етіп, патшамызға сыйлыққа тарттық» деп жазылған. Бұл жерде жаулар батыр адамның айдармен және оның өріліп жүргенін, басында шимай сияқты болып тұрғанын көрген.

Жаңа заманда айдарды кішкентай балаға қояды. Кейін есейгенде алып тастау қажет деп санайды. Әсілінде олай емес. Эпостық жырларда «тұлымдымды тұл қылды, айдарлымды құл қылды, солқылдаған мырзамды, табанға салып, жүн қылды» делінген. Бұл жерде айдарыңды құл қылдың дегені біздің сұлтандарды, бектерді, билерді айтып отыр.

Сонымен қатар қазақта тасы өрге домалап, табысы көл-көсір, керемет бақ жұлдызы жанып тұрған адамды «айдарынан жел есіп тұр» дейді. Бұл –  бектердің, билердің ат үстінде жорғалап бара жатқандағы сән-салтанат беріп тұрған көрінісі. Яғни, айдарлы Жаныс сұлтан сияқтылар жорға атқа мініп шапқанда, артындағы айдарын жел есіп, көтерген», – дейді этнограф Ақеділ Тойшан.

 

Оның айтуынша, тұлым екі шекеде болады. Қызды «тұлымшақ», «құлыншақ» деп еркелету үшін оған маржан тағып, өріп қойған. Біріншіден, сәндік үшін, екіншіден, тіл-көз тимес үшін істейді. Қазіргі қоғамда біреу сағынып, аңсап туған немесе жалғыз, кенже баласына қойып жатады. Кейін шамамен 6-7 жасқа толғанда немесе сүндеттегеннен кейін молда шақырып, той жасап алып тастайды.

 

Ал этнограф Бұлбұл Кәпқызының айтуынша, мұндай дәстүр қазақта ғана емес, түркі тектес елдердің барлығында болған. Әсіресе, моңғолдарда көп.

 

– «Айдар қою, бұл –лауазым. Бұрынғы уақытта оны қарапайым адамның баласына емес, қан тұқымы, батырдың ұрпақтарына және бір отбасының аңсап, көптен күткен баласына қойған.  Ерте кездерде айтылған «байдалы тұр ғой бас қайғы» деген сөз бар. Қазір ол сөз «байтал тұр ғой бас қайғы» деп бұрмаланып кеткен. Байдалы деген – есейіп, ержеткен жігіттің орайындағы өрілген шашы.

Соғыс, репрессия жылдарында батырлардың байдалысын алып тастаған оқиғалар бар. Байдалысыз қайтқан ерге «байдалың қайда?» деген сауал қойылады. Сұраққа «байдалы тұр ғой бас қайғы» деп жауап берген. Бұл батырдың өзі өлім аузынан әрең қалды дегенді білдіреді. Сондай-ақ ол өлімнен кейінгі ауыр жаза болған», – дейді Бұлбұл Кәпқызы.

 

Ол мұндай ырым-тыйымдарды дін өкілдері қабылдай қоймағанымен, оның қоғамға ешқандай зияны жоқ екенін айтты.

 

«Тіл-көз ең бірінші шашқа тиеді. Сондықтан ұлға айдар, қызға тұлым қояды. Қазақ – ырымшыл, дәстүршіл халық. Дін өкілдері үшін бұл жат болуы мүмкін. Тіпті қазақтың көлікке үкі, бойтұмар тағып қойғанын да дұрыс деп есептемейді. Ал былайғы адамдар үшін бұл ата-бабамыздың салты мен дәстүрі саналады», – дейді ол.

 

Этнограф қазіргі кезде қызға тұлым қойылмайтынын айтты. Себебі қыз баланың шашын бірден ұзын етіп өсіреді. Ал айдарды ұлдарға әлі күнге дейін қойып жүр. Мәселен, тарихты жақсы білетін актер, кинорежиссер, суретшілер байдалы тектес екі жағын қырып, шашты төбесіне қойып, өсіріп жүретінін көреміз. Оны кейбірі жаңа заманның жаңа шаш үлгісі деп те қабылдайды. «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген аталы сөз осындайда айтылса керек.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста