Қазақстанның қай облыстары кене энцефалиті бойынша ең қауіпті аймақ болып саналады? Жамбыл облысы сондай аймақ қатарында ма?
Исатай Қанжігітов, Жамбыл облысы
Ж. Шапиева, ҚР ДСМ МСЭҚК «Санитарлық –эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК маманы:
– Бүгінгі таңда елімізде кене энцефалиті ауруының эпидемиологиялық – энтомологиялық жағдайы мейлінше қолайсыз болып тұр. 2011 жылы республикада 40 кене энцефалиті тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда – 0,24. Яғни бұл 2010 жылдың көрсеткішімен (30 жағдай) салыстырғанда 1,3 есеге өсті. Өсу қарқыны Шығыс Қазақстанда –20, Алматы облысында– 6, Акмола облысында –3, Оңтүстік Қазақстан облысында – 1 және Алматы қаласында –10. Бұл өңірлер аса қолайсыз аймақтардың қатарына жатады. Мұндағы жағдай орташа республикалық көрсеткіштен 1,3 есе артық. Оның басты себептерінің бірі –зарарсыздандыру жұмыстарының уақытында жүргізілмеуінде болып отыр.
Жыл сайын наурыз-тамыз айларында кенелік энцефалит вирусын тасымалдайтын иксодитық кенелер анағұрлым көп байқалатын аймақтарға Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласы жатады. Аталған аумақтарда кененің шағуы адамды қауіпті ауруларға ұшыратуы мүмкін.
Қазақстанның қай аймақтарында кене шағу қаупі жоғары?
Последние статьи автора