Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық әріптесі – Ресей
Қазіргі кезде еліміздің ең басты сауда-экономикалық әріптесі қай елдер? Бізде қай елдердің өкілдіктерінің үлесі көп?
Гауһар, Жамбыл облысы
ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан экономикасындағы шетел мемлекеттерінің арасында Ресей фирмаларының үлес салмағы көп. Елімізде Қазақстанда Ресей елінің 9003 өкілдігі, филиалдары және заңды тұлғалары тіркелген екен. Бауырлас ел – Түркиямен алыс-берісіміз жоғары. Қазақстанда 3899 түркиялық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Көрші Қытай фирмаларының қарасы мол, елімізде 2778 қытайлық кәсіпорын тіркелген. Төртінші және бесінші сатыдағы Өзбекстанның – 1849 және Германияның 1236 компаниялары Қазақстанда табыс тауып отыр. Алпауыт АҚШ алтыншы орында келеді. Қазақстандағы америкалық кәсіпорынның саны – 1144. Сонымен қатар, елімізде Нидерланды, Кипр, Швейцария, КХДР, Италия секілді елдердің жүздеген фирмалары жұмыс істеуде.