Бидай неше түрге бөлінеді? Қазақстанда қандай түрлері көп өсіріледі?
Ардақ СЕРІКҚАЛИЕВ, Алматы қаласы
Бидай — астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл. Қазақстанда 6 түрі (еділ бидайы, польша бидайы, көже бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, көбен бидай) өседі, жабайы түрлері сирек кездеседі. Елде, негізінен, жұмсақ және қатты бидай өсіріледі. Жұмсақ бидайдың (triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16 пайыз белок болады, жылтырлығы – 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әртүрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақта өсіреді. Бидайдың дәнінен – жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе Қазақстанның батыс, орталық, шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі. Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24 пайыз белок бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады. Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай – көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1-20о жылылықта 7-9 күнде көктеп шығады.
Қазақстанды бидайдың қандай түрі көп өсіріледі?
Последние статьи автора