Қазақстанда жылына қанша уран өндіріледі?

Қазақстан әлемдегі ірі көлемде уран өндіруші мемлекет екендігін білеміз. Осы орайда менің білгім келгені, елімізде жылына қанша уран өндіріледі және уран қоры қанша жылға жетеді?
Исмет Каркусов,
Қарағанды облысы
Қазақстан әлемнің уранға деген сұ­ранысын 80 жыл бойы қамтамасыз ете алады. Бұл туралы KAZENERGY VI Еу­­разиялық форумында «Қаз­атом­өнер­кәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төра­ға­сының орын­басары Сергей Яшин мәлім етті.
Оның айтуына қарағанда, бүгінгі күні рес­публикада бар қорлар мен ре­сурс­тардың небәрі 4,2%-ы өндірілді. «Біздің ойы­­мызша, уран тұтыну көлемі артатын уақыт осы жүз жылдықтың 40-60-жылда­ры­на сәйкес келеді. Қа­зақ­стан табиғи уран­ға деген нарықты 80 жыл бойы қам­та­масыз ете алады. Яғ­ни бүгінгі күні Қа­зақстандағы ре­сурс­тар мен қорлар айтар­лық­тай көп», – дейді бас­қарма төра­ға­сының орын­ба­сары.
С.Яшин мырзаның айтуынша, Жа­по­нияның Фу­кусима АЭС-індегі қай­ғы­лы оқи­ғадан кейін (2011 жылдың нау­ры­зында бол­ған зілзала мен цунамиден ке­йінгі апат) табиғи уранға деген көз­қарас өзгер­ген, бірақ уранға деген сұ­ра­ныс артып ке­леді.
«Болжамға сәйкес, 2030 жылға қа­рай уран өн­дірісін 1,5 есеге арттыру қа­жет болады, осы сұ­ранысты кім қам­та­масыз ете алады деген мә­селе алда тұр», – дейді ол.
«Қазатомөнеркәсіп» басшысы орын­­ба­сарының пікірінше, Қазақстан «өндірісті тез әрі оңтайлы шығындар­мен арттыра ала­тын» аз елдердің бірі болып табыла­ды.
«Біз жылына 20 мың тонна уран өндіреміз, бұл әлемдік уран өндірісінің 33%-ын құрайды. Нарықта қажеттілік туын­­да­са, өндірісті 25-30 мың тоннаға арт­тыруға мүм­кіндігіміз бар», – дейді Сер­гей Яшин мыр­за.
Алайда, оның пікірінше, өндіруді арт­­тыру нарықтың сәйкес реакциясы мен ла­йық­ты кіріс табатынымызды түсін­генде ға­на мүмкін болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста