Қазақстанда қанша ұлттық мәдени орталық бар?

Қазақстанда өзге ұлт өкілдері көп тұрады. Бір жақсысы, бізде ұлттар арасында келіспеушіліктер жоқ. Барлығы тату-тәтті, ынтымақты өмір сүріп жатыр. Осы ретте білгім келгені, Қазақстанда қанша ұлттық мәдени орталық бар?
Мейрамхан БАБАШЕВ,
Алматы қаласы

Бұл сұраққа Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының инспекторы Нәзипа Ыдырысқызы жауап береді:
– Негізі, Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың үш статусы болады. Олар республикалық, облыстық, аудандық болып үшке бөлінеді. Мәселен, республикалық ұлттық мәдени орталықтар туралы айтатын болсақ, бүгінгі таңда Әділет министрлігіне нақты тіркелген 28 мәдени орталық бар. Бұл орталықтардың облыста, ауданда өздерінің филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың жергілікті әділет басқармаларына заңды тіркелгендері де, тіркелмегендері де болады. Осы реттен келгенде, еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жалпы саны 820-дан асады. Бұл – тіркелген-тіркелмегендерінің барлығын қосып есептегендегі көрсеткіш. Мысалы, республикалық, облыстық ұлттық мәдени орталықтар заңды түрде тіркеліп жұмыс істесе, аудандық орталықтар тіркелмейді, оларды жергілікті әкімшілік өздері бақылайды. Қарап тұрсаңыз, Солтүстік Қазақстан облысында этномәдени орталықтар өте көп. Себебі онда қазақтар аз да, өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған. Олардың әрқайсысы сол жерде топтасып, ансамбль құрып, этномәдени орталық ретінде бірлесіп жұмыс жасайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста