Қазақстанда қанша әуе компаниясы бар?
Еліміздегі әуе компанияларының саны қанша? Оның ішінде нешеуі жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты рейстер орындайды?
Нұргүл Түгелбайқызы, Алматы қаласы
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мамандарының мәліметінше, биылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша елімізде 31 әуе компаниясы тіркелген. Сонымен бірге әуе қатынасы саласында қызмет ететін авиацияны пайдаланушы компаниялар бар. Олардың саны да 30-ға жуық. Әуе компаниясы мәртебесі бар кәсіпорындардың бесеуі тұрақты рейстерді орындайды, олар: «Эйр Астана», SCAT, «Жезқазған-Эйр», «Жетісу» және BEK AIR. 23 компания тұрақты емес, тапсырыс берілген рейстерді орындайды. Үш әуе компаниясы жүк тасымалын іске асырады. Авиацияны пайдаланушы кәсіпорындардың үшеуі жеңіл әуе көліктерін ұшырады, олар: «ИНТЕР-СЛА», «Агро СЛА» және «Дельта-С».