Қазақстанда кенгуру еті бар ма?
Австралия кенгурудың отаны екенін білеміз. Бұл елде қалталы жануардың етін жеу заңдастырылған. Ал кенгуру еті әлемнің өзге елдеріне экспорттала ма?
Аида АЛМАСБЕКОВА, Ақтөбе қаласы
Кенгуру еті – австралиялық аборигендердің ежелден келе жатқан асы. Өзге жануарлар етіне қарағанда, оның құрамында ақуыз тым көп, ал май өте аз. Кенгуру етіндегі канцерогендерге және тотығуға қарсы заттар адамның тері асты майының азаюына ықпал етеді. Ғалымдар австралиялық жануар етінің сиыр етіне ұқсас екендігін айтады. Жасыл құрлықтағы мемлекет кенгуру етін ішкі нарыққа ғана емес, өзге елдерге де шығарады. Мұндай экспорт бүгінде әлемнің 55 мемлекетіне бағытталып отыр. Негізгі тұтынушылар – Германия, Франция, Ұлыбритания. Ресей 2009 жылдан бері кенгуру етін қабылдаудан бас тартқан. Қазақстанға Австралиядан сиыр еті ғана жеткізіледі.