Қазақстан жастары өздерін қаншалықты патриотпын деп санайды? Осыған зерттеу жүргізген ұйым бар ма?
Азамат БЕРГЕНБАЕВ, Алматы облысы
Патриоттық көңіл күйді зерттейтін ұйымдар жоқ емес. Горшенин институтының сарапшылары жүргізген 2010-2011 жылдары Украина, Ресей, Қазақстан мен Польшада өткізілген «Студенттер – келешектің келбеті» атты жылдық халықаралық социологиялық зерттеулердің нәтижесін жариялап, қазақстандық жастар өз еліне деген ең ұлтжандылар болып табылады деген қорытындыға келді. Жас қазақтардан сұрау нәтижесінде ұлтжандылығы басым мемлекет ретінде Қазақстан 68,2% алға шықты. Одан кейінгі орындарда Ресей (66,5%), Польша (61,9%) және Украина (45,4%) нәтиже көрсеткен. «Ұлтжандылыққа қалайсыз?» деген сұраққа орта есеппен, Қазақстанда – 9,1%, Польшада – 10,5%, Ресейде – 12,1%, Украинада – 13,5% респондент теріс жауап қайтарған. Аталған үш мемлекетте шамамен үштен бір адам осы сұраққа жауап қайтаруда қиналған.
Қазақстан жастары – нағыз патриот
Последние статьи автора