Қазақстан – аймақтағы ең көппартиялы ел
Орталық Азиядағы мемлекеттердің саяси жүйесін сынаушылар көп. Осы аймақтағы елдердің партиялық жүйесі туралы мәліметтер берсеңіздер.
Бақтияр ДАНИЯРҰЛЫ, Алматы
Орталық Азия мемлекеттерінің дені авторитарлық жүйемен басқарылғанымен, бұл елдердің саяси жүйесі демократиялық принциптерге негізделген. Оның бір мысалы – Орталық Азиядағы бес мемлекеттің барлығы да көппартиялы елдер. Өзбекстанда бес бірдей ірі саяси партия жұмыс істейді. Олар: бұрынғы Коммунистік партия, Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы, «Адолат», «Миллий тикланиш» және ӨЛДП. Қырғызстандық партиялар: «Ақжол», ҚСДП, «Ата-Мекен», Коммунистік партия және «Ақ-Шумкар». Тәжікстанда да біршама партиялар қызмет етеді. ХДП, Коммунистік партия, Аграрлы партия, Экономикалық реформалар партиясы, СП, ТДП, ТСДП және Ислам қайта өрлеу партиясы. Түрікменстанның өзінде төрт партия өзара билікке таласады – ТДП, Коммунистік партия, Түрікменстанның демократиялық реформалар партиясы, Демократиялық даму партиясы. Қарап отырсаңыз, ең көп саяси партиясы бар Қазақстан (10) екен.