Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі жөнінен нешінші орында?

БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылары адам әлеуетінің даму индексін жыл сайын есептеп отыратыны мәлім. Еліміз бұл жөнінен нешінші орында?
Майра,
Алматы облысы
Адам әлеуетінің даму индексі елдердегі адам дамуының жиынтық көрсеткішін мазмұндайды және ел азаматтарының ден­саулығы мен өмір жастарының ұзақтығын, білім алулары мен ла­йықты тұрмыс деңгейлері тұрғысынан елдің жетістіктерін есеп­тейді. Мәселен, ұзақ жасау индексі – ұзақ өмір сүру мен салауатты тұрмыс мүмкіндігін мазмұндаса, білім индексі – білімге қол­же­тімділікпен, мектеп жасындағы балалардың күтілетін орташа оқу ұзақтығымен және ересек азаматтардың орташа оқу ұзақ­ты­ғымен мазмұндалады. Ал жалпы ұлттық табыс индексі сатып алу қабі­летінің тепе-теңдігімен өлшенетін жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кірістің шамасымен (АҚШ доллары) өлшенетін лайықты тұрмыс деңгейімен өлше­неді. Елдер үш санат бойынша жіктеледі: адам әлеуетінің даму индексі өте жоғары елдер; адам әлеуетінің даму индексі жоға­ры елдер; адам әлеуетінің даму индексі орташа елдер; адам әлеуетінің даму индексі өте төмен елдер болып. 2012 жылы адам әлеуетінің даму индексі өте жоғары елдердің алғашқы «ондығын» Норвегия елі бастап, бұл рейтингті әрі қарай Австра­лия, АҚШ, Нидерланды, Германия, Жаңа Зеландия, Ирландия, Швеция, Швейцария, Жапония елдері жалғастырды.
БҰҰ ДБ адам әлеуетінің даму индексі туралы 2012 жылғы баяндамасы бойынша, Қазақстан 186 елдің ішінен 69-ыншы орынға тұрақтады (2011 жылы – 187 орынның ішінде 68-орын): күтілетін өмір жасының ұзақтығы (67,4 жас); күтілетін білім алу ұзақтығы (15,3 жыл); оқудың орташа ұзақтығы (10,4 жыл); жан басына шақ­қандағы жалпы ұлттық кіріс (10,451 АҚШ доллары – сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша 2005 доллар).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста