Қазақ партизандары кімдер?

Қазақ партизандары кімдер?

Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылында дұшпанды тас-талқан қылған қазақ партизандары кімдер болды?
Мейірбек,
Алматы облысы
Қазақ жауынгерлері жау уақытша басып алған аумақтардағы партизандық қозғалысқа қатысты. Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты (толық емес деректер бойынша). Смоленск облысындағы 15 партизан бригадасы мен отрядында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белоруссияның әртүрлі аймақ­тарында әрекет еткен 65 партизан брига­дасы мен отрядының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан қазақстандықтардың саны 3,5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедия­ров, Ғалым Омаров, Нұрым Сады­қов, Қасым Қай­се­нов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырла­рының есімі көпке таныл­ды. Халық кекшілдерінің қата­рын­да қазақстандық әйелдер – Нұрғаным Байсейі­това, Тұрғаш Жұма­баева, Жамал Ақәділова тағы басқалар аянбай шайқасты. Еуропа елдерінде Қарсы­ласу қозғалы­сына қатысушы қазақстан­дықтар фашис­терге қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Салтынбек Төлешов, Константин Трокин, Михаил Авдейчик, Омар Тойым­бетов тағы басқалары шай­қасты. Словакия, Югославия, Грекияда, Бельгия­да қазақ жерінен шыққан сарбаздар жаудың үрейін ұшырып, Жеңісті жақындатуға зор үлес қосты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста