Бүгiнде қазақ КВН-iн қалыптастырған адамдар төңiрегiнде дау көп. Қазақ КВН-iнiң негiзiн қалаушы кiм?
Анар МҰРАТҚЫЗЫ
Ең алғаш қазақ КВН-iнiң негiзi 1999 жылы қаланды. Қазақстанда КВН өнерiнiң қалыптасуына мұрындық болған адам – Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Алматай Бансатдинқызы Көздiбаева. Ол Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерiн осы өнерге баулып, тапқырлық пен көңiлдi әзiлдi жастарымызға серiк етуге тер төктi. Алматай Бансатдинқызы бастаған бiр топ жас ең алғаш Қазақ мемлекеттiк заң академиясының қабырғасында КВН-нiң тұңғыш тұсауын кестi. Бүгiнде Алматай апай өмiрден озғанымен оның тәрбиелеген шәкiрттерi iзiн жалғастырып, елiмiздегi КВН өнерiн дамытуға үлес қосып келедi. Ал қазiргi Қазақ КВН-iнiң президентi – Әзiмхан Ахмет. Ол өзiнiң анасы Алматай Көздiбаева салған жолды жалғап келедi.
Қазақ КВН-iн қалыптастырған кiм?
Последние статьи автора