Қазақ әдебиетінің антологиясы АҚШ-та жарық көрді

Жуырда АҚШ-та қазақ әдебиетінің антологиясы жарық көрген екен. Бұл жинаққа қандай қаламгерлеріміздің шығармалары енген?
Айбек БЕЙСЕНОВ,
Алматы облысы
Күні кеше ғана Астанадағы Л.Гумилев атын­дағы Еуразия Ұлттық университетінде қазақ ақын-жазушыларының туындылары топтасты­рыл­­ған бұл антологияның тұсаукесер-танысты­рылымы болып өтті.
Аталған оқу орнының баспасөз қызметінің мәліметінше, ағылшын тілінде жарық көрген  The Stories of the Great Steppe. The Anthology of Modern Kazakh Literature атты қазақ әдебиеті антологиясы АҚШ-та басылып шыққан. Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қолдауымен жарық көрген жаңа жинақтың құрастырушысы – Колумбия университетінің профессоры Рафиз Абазов. Бұл жұмысқа сондай-ақ еліміздегі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты да атсалысқан. Шығар­маларды ағылшын тіліне аударған – Сер­гей Левшин және Илья Бернштейн. Құрастыру­шылар «Бұл антология басқа да құнды кітаптары­мыздың өзге тілде жарық көруіне жол ашпақ. Ағылшын тіліндегі антология шығару жалғасын тауып, алдағы уақытта да өзге автор­лар­дың туындыларымен толығады» деген пікір айтуда.
Кітапқа Оралхан Бөкейдің әңгімелері, Ғ.Мүсі­реповтің «Этнографиялық әңгімесі», Ә.Кекіл­баев­тің «Ұмытылған күндер балладасы», Т.Әбді­ковтің «Парасат майданы», М.Мағауиннің «Та­зы­ның өлімі», Р.Сейсенбаевтың «Әлем құлаған күн» және Д.Амантайдың прозалық шығармалары енген. Ал поэзиядан М.Мақатаев, Ж.Әбдрашев, О.Сүлейменов, Иран-Ғайып, Ф.Оңғарсынова, Б.Қанапиянов және Ш.Сариевтің өлеңдері топтастырылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста