Міне, қазан айын артқа тастап, қарашаға да жеттік. Өткен айда біраз азық-түлік тауарлары қымбаттап, қарақұмық, шекілдеуік майы тәрізді тауар бағалары тіптен шарықтап кетті. Осыған орай білейін дегенім, қазан айында қымбатшылық деңгейі қанша пайызға өсті?
Риза ҚУАНТАЕВА, Алматы облысы
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2010 жылғы қазан айында еліміздегі азық-түлік тауарлардың бағасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға өсті. Мәселен, май мен тоң май бағасы – 14,2 пайызға, кофе, шай және какао – 11,9, жарма, жемістер мен көкөністер – 11,7, қант – 11, сүт өнімдері – 9,2, кондитерлік өнімдер – 7,9, тоқаш пен ұн өнімдері – 6,3, алкогольді ішімдіктер – 4,9 және нан 0,2 пайызға артты. Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,3 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі –10,4, шұжық өнімдеріне – 8,2, құс етіне – 7,7, шошқа етіне – 7,4 және жылқы етіне 4,4 пайызға жоғарылады.
Жалпы, инфляцияға қатысты мамандар: «Инфляция елдегі ахуалды анықтайтын негізгі және маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі екені сөзсіз. Оның ықпалын барлық экономика субъектілері, сонымен қатар бизнес те, халық та сезінеді. Сондықтан экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инфляция Ұлттық банк белгілеген шекте қалып отыр», – дейді.
Қазіргі уақытта елдегі инфляция Ұлттық банк белгілеген 6-8 % шегінде сақталып тұр.
Қазан айында қымбатшылық қанша пайызға өсті?
Последние статьи автора