Қауіпті спорт түрлері қандай?

Жақында фристайлдан әлем кубогын тамашалап едім. Спортшылардың секіріп, түрлі трюк жасағанын көріп, олардың жарақат алу қаупі көп екендігін байқадым. Бір қарағанда, өте қорқынышты екен. Сіздерден спорт әлемдегі ең қауіпті спорт түрлері туралы сұрағым келіп отыр.
Нұрислам Мейрамбек,
Маңғыстау облысы
Бүгінгі таңда әлемдегі ең қауіпті спорт түр­лерінің көшін бейсджампинг бастап тұр. Па­рашют арқылы көпір, ан­тенна, биік ғимараттар­дан жерге секіру негізгі ережесі саналатын спорт түрінен келген адам шығыны да көп. Қа­уіптілігі жөнінен екінші орында хелискиинг деп аталатын спорт түрі тұр. Биік тау ба­сына тікұшақтан секі­ріп түсіп, шаң­ғымен тө­мен қарай заулайтын адамдар ең бірінші ке­зек­те тәжірибелі және батыл жүректі болуы тиіс. Хелис­киингпен көп жағдайда сноуборд жә­не тау шаңғы­сына маманданған спортшылар шұғылданады. Кейв дайвинг пен кәдімгі дай­винг­тен келер қауіп те мол. Су астындағы үңгір­лер арасына саяхат жасауға негізделген кейв дай­винг те, түрлі теңіз жыртқыштарымен бет­пе-бет келетін кәдімгі дайвинг те – нағыз жүрек жұт­қандарға арналған спорт түрі. Бұқалар мен адамның айқасы, сондай-ақ теңіз бетінде тақ­тай­шамен жүзу (серфинг) сынды спорт түрлері де өте қауіпті болып саналады. Миллиондаған жанкүйері бар футбол мен велоспорт, сондай-ақ хоккей де қауіптілігі жоғары спорт түрлерінің қатарына жатады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста