Үйдегі ас қасықтар мен шанышқыларды түгелдей жаңартайын деп едім. Неден жасалғанын алғаным дұрыс? Олардың қай түрі ең жақсы болып есептеледі?
Зәуре НҰРҒАНАТ, Талғар
Әдетте күмістен жасалған ыдыстар көптеген артықшылыққа ие болып есептеледі. Мұның себебі олардың антибактериалдық қасиеті зор, сондай-ақ жақсы сақталады және майыспайды. Одан кейінгі кезекте мельхиор (никель мен мыстың қоспасы) ыдыстар тұрады. Бұл ретте сапасы бойынша да, сыртқы түр-түсі жөнінен де тот баспайтын ыдыстар мельхиор заттардан бірде-бір қалыспайды, ал олар құрамында хром бар, тот баспайтын, аса жоғары сапалы болаттан жасалады. Соңғы орында – алюминий ыдыстар.
Айтқандай, күміс пен мельхиорды ыдыс жуатын машинаға салуға болмайды. Ал болаттан жасалған қасықтар мен шанышқылар (егер саптары пластиктен немесе ағаштан жасалмаған болса) ыдыс жуатын машинада қанша жуылса да, ештеңе етпейді.
Қасықтың қандайын алғаным дұрыс?
Последние статьи автора