«Қасым ханның қасқа жолының» бес саласы
Қазақ хандығының құқықтық жүйесінде ерекше орны бар «Қасым ханның қасқа жолы» заңдық тұрғыда қандай негізгі мәселелерді қамтығанын білгім келеді.
Әлібек, Қостанай қаласы
Жалпы, «Қасым ханның қасқа жолы» сол замандағы қазақ халқының жан-жақты жетілген Ата Заңы болып есептеледі. Бұл заңдар жинағы негізінен бес тараудан тұрған. Бірінші – Мүлік заңдары (осы тарау арқылы мал, мүлік, жер дауы мәселелері шешіліп отырған). Екінші – Қылмыс заңдары (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау), үшінші – Әскери заңдар (қосын, аламан, әскери міндет, тұлпар ат, қара қазан мәселелері), төртінші – Елші жоралары (майталмандық, шешендік, сыпайылық, әдептілік), бесінші Жұртшылық заңы (ас, той, мереке, жасауыл және т.б) мәселелерін қамтыған. Осы бес салаға бағытталған заңдар топтамасы сол кезеңдегі Қазақ хандығының барлық түйткілді мәселелерін шешіп беріп отырған.